Жылыойлық Нұршат Ауелбаев комбат дзю-дзюцудан Қазақстан чемпионы атанды. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Олардың айтуынша, Алматы қаласында 2024 жылдың 23-26 ақпан аралығында комбат дзю-дзюцу спорт түрінен ересектер арасында ҚР Чемпионаты өтіп жатыр. Нұршат Ауелбаев 77 келі салмақта өнер көрсетіп, Әлем Чемпионатына жолдама алды.

Ауелбаев Нұршат Ауелбайұлы жекпе-жек ұлттық спортынан Қазақстан чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, комбат дзю-дзюцудан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, жекпе-жек ұлттық спортынан және джиу-джитсудан спорт шебері, әмбебап жекпе-жектен Қазақстан кубогінің иегері, ММА, Панкратион, Номад ММА-дан республикалық турнирдің чемпионы, грэпплингтен Азия чемпионы.