Төтеншеліктер қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарында «Қауіпсіз сауда» тақырыбында әлеуметтік акция өткізді. Яғни олар ойын сауық орталығының қызметкерлері, орталықта жүрген балалар мен ата-аналарды өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынама парақтарын таратты. Мұндағы мақсат - өрт қауіпсіздігі кезінде алдын-алу жұмыстарын тұрғындарға насихаттау және балалардың білімдерін жетілдіру. Сонымен қатар іс-шараға еріктілер де қатысып, атсалысты. Айта кетейік, мұндай науқан жыл сайын өткізіліп тұрады.