Атырау облысы Қазақстандағы ластаушы заттар көлемі бойынша төртінші орында.Негізгі көлемі Павлодар (724,2 мың тонна) және Қарағанды (469 мың тонна) облыстарының аумақтарында қалыптасқан. Осы екі өңірге еліміздегі ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемінен 51,5% тиесілі.Ал, үшінші орында Ақтөбе облысы (136,5 мың тонна) .Ең төмен көрсеткіштер Жетісу, Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.

Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Алтынгүл ӨТЕБАЕВАНЫҢ мәліметі бойынша, Қазақстанда 2019 жылдан бастап стационарлық көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының жыл сайынғы төмендеуі байқалады. 2022 жылы олардың көлемі 2 314,7 мың тоннаны құрады, бұл соңғы 8 жылдағы ең жоғары деңгей тіркелген 2019 жылмен салыстырғанда 6,8%-ке аз.