Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру Әділет органдарының басты міндеті. Атырау қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Ашық есік» күні өтті. Оған адвокаттар мен сот орындаушылар, нотариустар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар сала мамандарынан құқықтық кеңестермен заңгерлік көмектерді тегін алды. Шараға келген 10- нан аса адам сот орындаушылары мен мемлекеттік органдардың жұмыстарында орын алатын қателіктерді айтып шағымданды. Айтылған арыз-шағымдар, ұсыныс-пікірлер заң аясында сараланып шешілетін болады деді департамент өкілдері.