Сайлау - ел болашағын айқындайды. Саяси науқанда белсенділік танытып жатқан үлкендер осындай пікірде. Өңір дамуында өзіндік үлес қосқан, бүгінде Облыстық қоғамдық кеңестің, «Мұнай-газ кешені ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша төрағасы Мақсым Избасов №8 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.