Қоғамдық көліктер су жаңа 10 автобуспен толықты. Олар екі бағытта қатынайды. Авангард ықшам ауданынан теміржол вокзалына дейін және аламан базарынан балықшы ықшам аудандары аралығын қамтитын №10. 20-маршрут қоғамдық көліктерін толықтырады. Жоба қалалық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асқан. Автобустар барлық техникалық талаптарға сай. Әр көліктің құны 55 млн теңгені құрайды. Барлық транспорт құралдарында салқындатқыш пен камералар орнатылған және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған. Экологиялық класы да жоғары. Айта кетейік, қоғамдық көліктер бүгіннен бастап өз жұмысын кірісті.