АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІ АРЗАНДАДЫ
Өңірде бау-бақша мен көкөніс өнімдері арзандады. Жиын-терім науқаны басталғалы қала іргесіндегі шағын шаруашылықтардан 4 мың тоннаға жуық өнім жиналып, тұтынушыға жетті. Жергілікті билік нарық бағасын тұрақтандыру мақсатында шілде айынан бастап қала базарларынан шаруалар үшін 136 сауда нүктесін ашқан еді. Ол өнімнің егіс алқабынан тікелей тұтынушыға делдалсыз жетуіне ықпал етуде. Сондай-ақ әр сенбі-жексенбі сайын облыс және аудан орталықтарында жәрмеңкелер ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде жергілікті өнім базар нарқынан 15-20 пайызға арзан сатылуда.