Атырау облысындағы жоғарғы, орта және арнайы оқу орындарындағы жастардың басын қосатын "Студенттік Ассамблея" ашылды. Бұл жастарды біріктірумен қатар, ұлттық және мәдени ерекшеліктерді құрметтеуге бағытталмақ. Оның құрамына кіру үшін өзге ұлт өкілі болуы да маңызды емес. Студенттік Ассамблея республика бойынша осыған дейін бірнеше өңірде ашылған. Республикалық "Студенттік Ассамблея ойындары" жарысы бастаманың жемісі,-дейді ұйымдастырушылар. Бұл жерде жастар интеллектуалды тұрғыдан да, спорттық қырынынан да сынға түскен еді. Сондықтан, бұл жолғы шара жастар арасында бұдан басқа да жаңа кретивті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек деген сенімде.