Балалар үйінің ауласына 200 тал жеміс ағашы отырғызылды. Бұл бастама «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Бұл — менің ағашым» атауымен қолға алынды. Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Jana jastar» волонтерлік ұйымы осындай шаралар арқылы жастарды табиғатты аялауға шақырамыз дейді. Енді егілген шие, өрік, алма, алмұрт талдары болашақта жеміс берер мәуелі ағашқа айналмақ.