Мереке қарсаңында өнегелі отбасылар марапатталды. Қоғамдағы үлгілі отбасы институтының жаңа имиджін дәріптеу – шараның басты мақсаты. Екі кезеңнен тұратын байқауға қатысып, жеңімпаз атанған отбасыларға сый-сыяпаттар берілді. Сондай-ақ шараға жастар мен қала тұрғындары қонақ болды.