Өңірде балалардың қатысуымен жасалатын құқықбұзушылақ азайған. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов комиссия отырысында мәлімдеді. Айта кетейік, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының қорытынды отырысы өтті.