Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Еркінқала мәдениет үйінде Атырау қаласының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірін тыңдады. Серік Шәпкенов қалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атырау қаласының біраз бөлігі кәріз жүйесі жүйесіне қосылмаған. Бүгінде қуаты 31 мың текше метр тәулік кәріздік-тазарту имараты салынып жатыр. Ол елді мекендерді қаланың оң жағалауына қосуға мүмкіндік береді. Ал «Квадрат» сарқынды сулардың буландырғыш тоғанын тазарту бойынша жобаға түзету енгізілуде, құжаттары дайын болған соң жұмыстар қайта жалғасады. Облыс әкімі жиында қала тұрғындарын толғандырған мәселелерді тыңдады. Азаматтар кәріз желісін жүргізу, әлеуметтік нысандар салу, жол белгілерін қою сынды өзге де мәселелерді көтерді. Тұрғындар көтерген сауалдар өзектілігіне қарай Заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады. Кейін аймақ басшысы сала мамандарымен бірге азаматтарды қабылдап, жеке мәселелері бойынша сауалдарға жауап берді. Бұдан бөлек, Атырау қаласында тас жол салу мәселесі өзекті екені айтылды.