Мереке қарсаныңда бір топ махамбеттіктер марапатталды. Олар түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан жандар. Бұған қоса,ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берген азаматтар мен еңбек ұжым қызметкерлеріне «Жыл үздігі – 2024» номинациясы табысталды. Салтанатты шарада аудан әкімі жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.