Атырау қаласының тарихы 1640 жылы көпес Гурии Назаров ұлдары Михаил, Иван және Андрей бірге Жайық бойына келіп қоныстанып, Жайық өзенінен балық аулауымен бастала ма? Бұл көпшілікті, әсіресе тарихшыларды толғандыратын сауал. Егер Атырау қаласы 17 ғасырда салынса, көне Сарайшық қалай пайда болды? Бұл туралы сарапшы ғалымдардың талдауы тілші бейнематериалында.