4000-нан аса тұрғыны бар Дамбы ауылдық округінде де азаматтар аса белсенді. Аумаққа қарайтын 2 елді мекендегі 2100 сайлаушы ала таңнан бері учаскелерге келіп, таңдауын жасап жатыр. Әсіресе, аймақтағы еңбек адамдары елдіктің үлгісін көрсетіп, осы бір саяси науқанда бір адамдай төбе көрсетіп жүр.