Атырау облыстық еңбек инспекциясы жыл басынан бері 1600-ге жуық жұмысшылардың арыз-шағымдарын қараған. 200-ге жуық мекемеге жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде тұрғындардың жалақысын төлемеген мекемелерге тиісті шара қолданды. Ал 8 миллионға жуық қаражат өндірілген.