Облыстық полиция департаменті және прокуратурасының бірлескен «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясын ұйымдастырды. Аталмыш шараға параолимпиада жүлдегерлері Жұрқамырза Шүкірбеков және Зарина Райфова арнайы қатысып, есірткі саудасын қыздыратын жарнама жазуларын өшірді. Мақсаты – есірткіге еліткен жасөспірімдерді қоғамдық кеселден қорғау және улы заттың айналымына тосқауыл қою. Сонымен қатар, «спортшыларды игі бастамаға қатыстыра отырып, бұқараны салауатты өмірге бейімдеу» - дейді мамандар.