Жол ережесін өрескел бұзған 300-ден аса жүргізуші жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары арнайы рейд кезінде заңбұзушылықты анықтаған. Жыл басынан бері сақшылар 100-ден аса профилактикалық шара жүргізгенімен жол қауіпсіздігін сақтамайтын тентек жүргізушілер саны азаймай тұр. Ең сорақысы балалардың қатысумен болатын жол апаттары көбейген. Тақырыпты түнгі рейдке шығып қайтқан әріптесім Лаура Қисметова айтып берсін.