Атырау - 2 ықшам ауданының тұрғындары айдың күннің аманында жарыққа жарымай келеміз деп мұңдарын шақты. Айтуларынша электр қуатының төмендігінен несиеге алған барлық техникамыз сынып, жарамсыз болып қалған деп отыр. Ал әкімдіктегілер бар жауапкершілікті Атырау Жарыққа сілтей салды. Бұқара базнасын Лаура Қисметова тыңдап келді.