ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Республика көлемінде өтіп жатқан «Халық заңгері» акциясы облыстық Әділет департаменті бастауымен Қызылқоға ауданында жалғасты. Қабылдауға 80-нен аса аудан тұрғыны келіп, мамандардан кеңес алып, өз мәселелеріне шешім тапты.