Атырау қаласында су тасқыны орын алған жағдайда, эвакуациялық пунктерде тұрғындарға қызмет көрсететін медициналық бригада ұйымдары бекітілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев хабарлады. Одан бөлек облыста тасқыннан зардап шеккен аудандарда шаруа қожалықтарына өтемақы төлеу бойынша комиссия құрылуда.