Құлсары қаласының 600-ден астам тұрғыны су басқан мүліктің залалын бағалау нәтижелерін алды. Бұл жөнінде ТЖ жөніндегі жедел штаб мәлімдеді. Қазір бағалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Осы аптаның соңына дейін толығымен аяқтау жоспарлануда. Күні бүгінге дейін өтемақы төлеу тәртібі бойынша 800-ден астам адам толық ақпарат алды. Телефон арқылы да Құлсарының 200 тұрғынына түсінік жұмыстары жүргізілді.