Аймақта эпид ахуал тұрақты. Қазір мамандар алдын алу шараларын күшейткен. Ал су тасқыны кезінде қатты зардап шеккен Жылыой ауданында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Ауданда күн сайын ауыз сумен көл тоғандарынан сынамалар алынып,зертханаларға жіберіліп отыр.