Қала бойынша экологиялық қауіпті деп саналатын аймақтарға Тухлая балка, Квадрат булану алаңдары және қоқыс полигоны жатады. Өйткені су шәйіп кету қаупі жоғары.. Онсызда экологиясы нашар алтыншы аймақты сақтап қалудың бірден бір тұсы осы. Сәйкесінше штаб өкілдері осы жерлерге басымдық беріп отыр. Бұған облыстық экология департаментіндегілер мен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлсін-әлсін Атырау мұнай өңдеу зауытына, West Дала, ҚазТрансОйл секілді мекемелерге мониторинг жұмыстарын жүргізіп отыр.