"Аймақтағы ғылым -өңір үшін" тақырыбында онкүндік басталды. Шара Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай өткізілді. Оған ғалымдармен, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Басқосуда «Жастар және ғылым», «Аймақтың экологиялық мәселелерін ғылыми шешу» және «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған тарихи-археологиялық зерттеулер» тақырыптары қаузалды.