Вокзал маңы ықшам ауданының тұрғындары аштық жариялап, суыққа шыдас береміз дейді. Осылай мәселемізді тезге салмасақ болмайды деп отыр. Айта-айта ауыр, жаза-жаза жауыр болған проблеманы шешу үшін осындай қадамға баруға мәжбүр. Тұрғындар аштық жариялайтындай соншама не мәселе? Бұған кімдер жауапты? Тараптардың жан айқайын Нұржол Жақсылық тыңдап келді...