Атырауда өрттен ер адам көз жұмды. Оқиға «Жерұйық» ықшамауданындағы екі қабатты жеке тұрғын үйде болған. Құтқарушылар жеткенше, қызыл жадын 25 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізу барысында 1954 ж.т. ер адамның денесін шығарды. Жедел әрекет еткен Төтенше жағдай қызметкерлері өрттің басқа бөлмелерге таралуына жол берілмеді. Әзірге өрттің шығу себебі анықталуда. Төтеншеліктер жылыту маусымында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.