Бәрі де балалар үшін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек», - деген болатын. Жолдау аясында облысымызда биыл салынып біткен жаңа балабақшалар халықты зор қуанышқа бөледі. Толығырақ әріптесім Раушан Нұрболат тарқатып айтады.