Сондай-ақ Өңір басшысы Индер ауданына қарасты Өрлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиында Серік Шәпкенов ауылда жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Кейін жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдады. Олар ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға аз пайызды несие беру, тұрғын үймен қамту, таза ауыз сумен қамту, көше жарығын жүргізу, тас жол салу мәселесін көтерді. Кездесуден соң облыс әкімі азаматтарды жеке сұрағы бойынша қабылдап, олардың өтініш-пікірін тыңдап, мәселесін сала мамандарымен бірге қарады