Қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген талап арыздары күшейе түскен. Халықтың дені автобусты ұзақ уақыт күтіп жұмыстан кешігетінін айтады. Одан қалса тазалық та сын көтермейді дейді ашынған бұқара. Ал жауаптылар тасымал көлігінің тазалығына автопарк қана емес халық та мүдделі деп ақталды. Толығырақ тілші тарқатсын.