Атырауда тұрғын үйдің жертөлесінен адам денесі табылды. "6 маусым күні сағат 18:20 шамасында Береке ықшамауданында орналасқан көпқабатты үйдің бірінің жертөлесіне апаратын баспалдағында белгісіз жағдайда қайтыс болған 1963 жылы туған ер адамның мүрдесі анықталды. Қазір тергеп-тексеру амалдары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды" делінген хабарламада.