«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық өңірлік байқауы басталды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде өткен комиссия отырысында қала мен аудандардан келген мемлекеттік қызметшілер өз жобаларын қорғады. Екі кезеңнен тұратын байқауда өңірден 10 үміткер бақтарын сынауда. Қатысушылар мемлекеттік саладағы қызмет сапасын оңтайландырып, жүйені қағаз бастылықтан арылтып, мемлекеттік қызмет сапасының оң имиджін қалыптастыру арқылы халыққа қол жетімді қызмет алуды жеңілдету жөнінде өтініштерін айтты. Жыл сайын Дәстүрлі түрде өткізілетін өңірлік байқаудың жеңімпазы «Республикалық деңгейдегі жарыста өңір намысын қорғайтын болады.