Атырау қаласындағы көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 2024 жылы 81,3%-ға жетеді деп жоспарлануда. Бұл туралы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Кенжебеков облыстық мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясында айтты. - Жобаны іске асыру нәтижесінде Атырау қаласы және қала маңы елді мекендеріндегі жарықтандырылмаған 421 көшеге 317 шақырым электр желісін жүргізу, 71 дана трансформаторлық станциясын, 192 дана басқару шкафы және 10 280 дана энергия үнемдеуші диодты жарық шамдарын қолдану арқылы көшені жарықтандыру желісін кеңейту арқылы криминогендік жағдайды төмендетуге, тұрғындардың, көлік құралдары жүргізушілерінің және жалпы кешкі және түнгі уақыттағы жол қозғалысының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді, - деді А.Кенжебеков.