Наурыздың 19-ында ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Онда дауыс берушілерге 5 түрлі бюллетень ұсынылады. Партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері көк түсті болып белгіленді. Ал бірмандаттық округ бойынша жасыл түсті бюллетеньдер белгіленді. Партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі - күлгін. Ал бірмандаттық округ бойынша сайлау бюллетені - қызылсары түсті. Бірмандаттық округ бойынша қалалық немесе аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі сұр болып белгіленді. Айта кетейік, облыстағы 269 сайлау учаскесінің 11-і - денсаулық сақтау нысандары мен әскери бөлім, сондай-ақ уақытша қамау изоляторында орналасқан жабық учаскелер.