Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен
су айдынында жаппай балық қырылуының алдын алу бағытында жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары салаға жауапты басқарма басшыларына балық қырылу қаупін алдын алу үшін іс -шаралар жоспарын бекіту туралы нақты тапсырма берді. Орман аумағында орналасқан су айдындарында балық өлу қаупі өте жоғары. Себебі, орман қорындағы су көздері қураған ағаштар мен өсімдіктерден тазаланбаған.Бұл шабақтың еркін қозғалысына кедергі келтіреді. Биыл жауған қардың көлемі көп болуына орай, көктемде келетін судың деңгейі 2022 жылмен салыстырғанда артады деген болжам бар.Бұл балықтың қырылуына әкеледі,- деді жауаптылар. Осы мәліметтерді ескерген олар нақты жараларды жүзеге асыру барысын пысықтады.