Биылдан бастап жеңілдікпен микрокредит беру тетігі іске қосылады.Бұл туралы облыстық Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлім етті. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу мақсатында жастарға микрокредит 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі 7 жылға дейін 2,5 пайыздық жеңілдікпен беріледі. Ең жоғарғы соммасы 5 миллион теңгеге дейін. Микро несиені 18 жылдан 35 жасқа дейіңгі жастар ала алады. Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге тиісті құжаттарды ұсынады. Азамат несие алар алдында дара кәсіпкер ретінде тіркелу қажет, ал тіркелгендердің қызмет мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс.