2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметті үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына тапсыруға міндетті. Атырау облысы бойынша 737 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңының 41 бабының 5 тармағына сәйкес әр жыл сайын 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығына дейін ҮЕҰ-дар мәліметтерді ұсынуға міндетті дейді азаматтық орталық басшысының орынбасары.