Облыстағы елді мекендердің бас жоспарлары жаңаратылады. Соңғы жылдары аудан орталықтары мен ауылдарда тұрғын санының өсуі мен құрылыс қарқынының күшеюуіне байланысты жергілікті билік осындай шешім қабылдап отыр. Биыл 155 елді мекеннің 131-нің бас жоспары әзірленді. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй салуға арналған 8700 гектардан астам аумақты жоспарлау жобасы бар. Жаңа жоспар негізінде Атырау және Құлсары қалаларының 5 жылдық кешенді даму жоспарына да өзгертулер енгізіледі. Биыл облыс бойынша 9 жоба әзірленеді. Оның ішінде 7 елді мекеннің бас жоспары бар.