Бүгін қаңтар ісі бойынша 1 адамға қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы Дәулетияровқа 1 жыл шартты жаза тағайындалды. Оған бұған дейін күш қолдану арқылы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны және жаппай тәртіпсіздік барысында адамдар тобы болып, билік өкіліне қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолданғаны үшін айып тағылған. Сот анықтағандай ол 2022 жылғы 05 қаңтарда, сағат 14.30 шамасында Атырау облысы әкімдігі ғимаратының алдында ұйымдастырылған жаппай тәртіпсіздікке қатыcып, полиция қызметкеріне қатысты денсаулығына қауіпті емес күш қолданған. Сот тергеуі барысында прокурордың, сотталушы, оның қорғаушысының қатысуымен және жәбірленушінің келісімімен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақталған. Сотталушыға жаза процестік келісімге сәйкес тағайындалды. Сот үкімімен Даулетияровтың отбасылық жағдайын ескере отырып сондай-ақ 2022 жылғы 02 қарашадағы Рақымшылық жасау туралы Заңы негізінде Дәулетияров . ҚК-тің 380-бабы 1-бөлігімен тағайындалған бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан босатылды. Ал ҚК-тің 272-бабы 2-бөлігімен тағайындалған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы бөлігіне 1 жылға дейін қысқартылып, ҚК-тің 63-бабының негізінде 1 жыл мерзімге шартты жаза тағайындалды. Сондай-ақ жәбірленушіге кеткен шығындар бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем өндірілді.