Атырауда балалар туризмін дамыту мақсатында жыл сайын «Жанды сабақтар» жобасы жүзеге асырылуда. Облыстық туризмді дамыту бөлімінің басшысы Алия Рамазанованың айтуынша, бұл жоба бойынша өткен жылы 160 оқушы оқытылса, биыл қазан айында 200 баланы оқыту жоспарланған. Аталған жобаға көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балалары қатысады. Оған қоса білім беру экскурсияларын оқу процесіне интеграциялау, мұнай астанасының тарихымен таныстыру және мектеп оқушыларына арналған кәсіби жұмыстар жүргізу қарастырылған. Айта кетейік, оқушылар тізімі облыстық Білім беру басқармасымен бірлесе отырып жасақталады.