Бағаналар сынып, құлағалы тұр! Ойын алаңдары атымен жоқ! Кеш болса, көше тас қараңғы! Мектеп пен бала-бақша жетіспейді! Интернет болса, мүлдем ұстамайды! Бұл Ақсай-2 ауылдық округі тұрғындарының жанайқайы. Базынасын айтып ауыл жұртшылығы арнамызға хабарласқан болатын. Мәселенің ақ-қарасын әріптесім Айзада Ғабит зерттеп көрді.