Атырауда 9 инвестициялық жоба жүзеге аспақ.Бұл туралы Кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы 
мәлімдеді. Алима Рамазанованың сөзінше «2021-2025 жылдарға арналған облыстыңәлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына» сәйкес, 338 жұмыс орынын құрып, 10,8 млрд теңгеге 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарда. Оның ішінде биыл Атырау қаласында «Нұрлы-Тал» этносаябағы, Құрманғазы ауданында туристік балық аулау базасы, Мақат ауданында Ақтөбе-Атырау тасжолы бойындағы кемпинг, Исатай ауданында «AMANDYG» кемпингі салынбақ. Ал Құрманғазы ауданындағы «Қиғаш» туристік базасына қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Сондай-ақ 2021-2022 жылдар аралығына жоспарланған Махамбет ауданындағы «Сарайшық» визит орталығы мен Атырау қаласындағы белсенді демалыс отбасылық саябағының құрылысы жүруде. Оған қоса 2022-2024 жылдар аралығында Индер тұзды көлінің жағалауына шипажай-сауықтыру кешені мен 2024-2025 жылдар аралығында Махамбет ауданына «Эльдорадо» демалыс базасын салу жоспарланған.