Қазақстан өңірлерінде президент жолдауының ҚР Әлеуметтік кодексі жобасы нормаларын халыққа  ақпараттық-түсіндіру науқаны басталды. Министрлік өкілдері мен еншілес ұйымдардың басшыларынан құралған мобильді топ Атырау облысында өз жұмысын бастады. Бұдан кейін олар мәслихат депутаттарымен, жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметкерлерімен, жастармен кездесулер өткізуге аудандарға барады. Жиында отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, жаңа көші-қон саясаты, балалы отбасыларды қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы төлемдерін арттыру жайында кеңінен мағұлмат беріледі.