Биыл облыс аумағында 211 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмен. Десе де, тілсіз жаудың  салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 2 тұрғын жарақат алған. Мамандардың сөзінше, өрттің 51 пайызы тұрғын үй секторында орын алады. Сондықтан, төтенше жағдайлар департаменті өкілдері  өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді. Толығырақ тілші бейнематериалында.