Биыл  екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, «Даңқ», «Отан соғысы» ордендерінің иегері, КСРО ағарту үсінің үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты Құттығұл Мұсағалиевтың туғанына 100 жыл. Осыған орай Балауса ықшамауданында батырдың құрметіне көше есімі беріліп, мемориалды тақта орнатылды. Ашылу салтанатына педагогтың ұрпақтары мен туыстары, Еркінқала ауылының тұрғындары қатысты. Ескерткіш тақтаны  ұрпақтары ашып, жиналғандар ардагердің өмірінен сыр шертті. Құттығұл Мұсағалиев 1922 жылы Забурын елді мекенінде балықшы отбасында дүниеге келген. Педегогикалық училищенің түлегі. Ол қан майданнан оралған соң, Новобогатта, кейін Ракуша ауылында орыс тілі пәнінен сабақ берген. Одан кейін Еркінқала орта мектебінде басшы міндетін атқарған.