Облыста 200 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Биылғы оқу жылында 142 843 оқушы мен 12 424 педагог оқу тәрбие жұмысын бастады. 1814 оқушымен бастап отырған Береке ықшам  ауданының 42 мектебінде алғашқы қоңырау салтанаты дәстүрлі жалғасын тапты. Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясында да мереке сән салтанатымен аталып өтті.