Негізгі Жаңалықтар Атырауда вакцинаның төрт түрі бар

Атырауда вакцинаның төрт түрі бар

Өңірде коронавирусқа  қарсы салынатын вакцинаның төрт түрі бар.Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының  баспасөз қызметі хабарлайды. Мәселен, QazVac барлық екпе алу пункттерінде қарастырылған, ал VeroCell, Спутник-V, Pfizer вакцинасын тұрғындар  қаладағы №2, 3, 5 және Геолог, Еркінқала елді мекендерінің емханаларынан  ала алады. Аудандар да вакцинаның барлық түрі жеткілікті. Жалпы екпе науқаны басталғалы І компонентін 260 мыңға жуық  адам салдырған, ал ІІ компонентін ектіргендердің саны 242 704.

 

Бөлісу