Жалақы артады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырманы орындау мақсатында 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 2022-2025 жылдар кезеңінде жыл сайын орта есеппен 20% - ға арттыру басталды. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады.  Олардың қатарында бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал қызметкерлері бар.