Алты құрлыққа ауыз салған вирус бой берер емес. Жағдай қазір Жапонияда күрделі. Ал, қарт құрлық елдері антиковид шараларын ширатуда. Өйтпеске амал жоқ, іргедегі індет жұртты мұрттай ұшыруда. Аты жаман ауруға тек вакцина тосқауыл, сондықтан эпидемиологтар тұрғындарға барынша сақтық шараларын күшейтіп, екпе алуға үгіттеуде.