Атырауда бір тәулікте жүзден аса құқық бұзған тентек жүргізушілер жауапқа тартылды. Заңды белден басқандарды полиция кезекті "Тасымалдаушы" жедел профилактикалық шарасы кезінде анықтады. Жүргізушілердің дені жылдамдықты шамадан тыс асырған, жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Бұдан өзге, сақшылар басып озу, қарсы бағытта жүру, жолаушылар мен ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды қатаң бақылауға алды.